Мен ТЕКТІБАЕВА ДИАНА ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, PhD, филология факультетінің, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысымын. 1987 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Негізгі бейіні – білім беру саласы, атап айтқанда шет тілін оқыту саласы – шет тілдерін оқыту, педагогика және психология. 2017 жылы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін берумен «Көпмәдениетті ортада студенттердің өзін-өзі дамытуы» тақырыбында диссертация қорғалды (2018 жылғы 23 қаңтардағы № 93 бұйрық). 2018–2020 жылдары «5В010300 – Құқықтану» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Жалпы педагогикалық және мамандық бойынша өтілі 16 жыл – еңбек жолын 2008 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУде шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы лауазымынан бастады сондай ақ педагогикалық факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды, 2015-2016 жылдары инновациялық білім беру орталығының меңгерушісі болды, 2019-2022 жж. педагогикалық факультетінің мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі болды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарудамын. Қазіргі уақытта 15-тен астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде Scopus деректер базасында 3 мақала, Thomson Reuters деректер базасында 1 мақала, RSCI, Ulrichsweb және Index Copernicus деректер базасында 1 мақала; 2 (екі) ұжымдық монографиялардың бірлескен авторы – п.ғ.д., проф. А.Қ. Құсайыновтың ғылыми ред. «Система образования ведущих стран мира (орыс тілінде)» атты ғылыми монографияда және ф.ғ.д., проф. Б.Ө. Жолдасбекованың ғылыми ред. «Teaching Foreign Languages in the Kazakhstani Contemporary Educational Paradigm (ағылшын тілінде)» атты ғылыми монографияда (2024), сондай-ақ бірқатар оқу-әдістемелік құралдардың бірлескен авторы – «Methods and techniques of foreign language education: senior stage of secondary school», «English for Specific Purposes. Chemistry», «Renewed content of foreign language educational programme at the basic stage of secondary school» (барлығы ағылшын тілінде). Әрі қарай монографиялар мен халықаралық ғылыми мақалалар шығару жоспарлануда. Осы жылдар ішінде түрлі халықаралық ұйымдардың іс-шараларына қатысып, білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындады. Атап айтқанда, «Орталық Азияның әлеуетін күшейту» тақырыбы бойынша БҰҰ ЭСКАТО комиссиясының 63-ші сессиясына қатысты, Алматы, Қазақстан, т.б.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
Жоғары |
2008 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
23.01.2018 |
Polilingva Publishing House 2018 - г. 12 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Polilingva Publishing House 2018 - г. 6 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Polilingva Publishing House 2018 - г. 25 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Джолдасбекова Б.У.
"Qazaq university" publishing house 2024 - г. ISBN 978-601-04-6560 1 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0